19 қазан күні облыстық Абай атындағы кітапханада Республика күніне орай «Қазақстан – рухы биік ұлы өлке» атты кең көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Мәдени шараға жазушылар одағының Семей филиалының төрағасы М. Қарт, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының вице-президенті, Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі О.Шәріп, «Жастар» орталығының өкілдері, «Қайнар», Д. Қалматаев атындағы Семей медициналық колледждерінің студенттері қатысты.