Соңғы жылдары ERUDIT білім беру орталығы “ҚАЙНАР” жоғары колледжінің студенттерін педагогикалық және кәсіптік іс-тәжірибеден өткізіп, сапалы мамандар даярлауда колледжбен бірлесіп жұмыс жасауда
Біздің орталықтың оқытушылық құрамы студенттердің кәсіптік шыңдалуына тәлімгерлік көмек көрсетіп, қолдау білдіріп келген.
Бұл қызметіміз “Қайнар” жоғары колледжінің ұсынысымен ҚР Оқу-Ағарту Министрлігінде ескеріліпті. Бүгін арнайы министрдің Алғыс хатымен мараппатталдық🙌🏻
ERUDIT орталығы қаламыздағы білім беру сапасын көркейтуге қосар үлесін болашақта да тоқтатпайды. Бізге сенім білдірген «Қайнар» жоғары колледжінің басшылығына және Меруерт Абайқызына алғысымыз шексіз!