Жаңалықтар

Дөңгелек үстел

2026-03-13 12:01
Бүгін колледжде Семей медицина университеті КЕАҚ-тың студенттері мен оқытушыларымен бірлесіп «Конституция және елдің болашағы: азаматтық таңдаудың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара алдағы референдум қарсаңында елдің қоғамдық-саяси өміріндегі азаматтардың рөлін талқылауға арналды.

⚖️ Қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызы, азаматтық таңдаудың рөлі және қоғамның маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауға қатысуы туралы пікір алмасты.

🎓 Жиынды Семей медицина университеті КЕАҚ стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасының доценті Хайдарова Нұржанат Бидахметқызы құттықтау сөзімен ашты. Дөңгелек үстел барысында баяндамалар оқылып, белсенді пікірталас өтті.

💬 Іс-шара құқықтық мемлекетті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және пікір алмасуға арналған алаңға айналды.