1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай колледжімізде мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті✨
Бұл күн — татулық пен достықтың, ынтымақ пен бірліктің айқын көрінісі. Концерт барысында студенттеріміз өз өнерлерін көрсетіп, әртүрлі ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін насихаттады. Әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады 💃🎶