Жаңалықтар

Меморандумға қол қойылды

Құрмет, тәуелсіздік, теңдік және өзара түсіністік қағидаттарына сүйене отырып, Абай облысы білім басқармасының «Қайнар» жоғары колледжі мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Көкшетау қаласындағы Малик Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Тараптардың келісімі бойынша келесі бағыттарда жұмыс жүргізу көзделген:

·кадрлар даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын дамыту және жетілдіру;

·білім алушылар мен мамандарды даярлаудың өзекті мәселелері бойынша семинарлар, шеберлік сабақтары мен тренингтер ұйымдастыру;

·кәсіби қызмет саласындағы ғылыми зерттеулер нәтижелерімен және тәжірибемен алмасу алаңдарын құру, ғалымдар мен мамандар арасындағы байланыстарды кеңейту.