Жаңалықтар

Тіл шебері – 2026

2026-04-23 12:24
Тілге құрмет пен білімге деген құштарлықты дәріптеген Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілетін көптілділік «Тіл шебері – 2026» облыстық байқауы өтті. Байқауға қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгергендерін көрсетіп, қздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін дәлелдеді. Қатысушылар түрлі кезеңдерде өз ойларын еркін жеткізіп, тіл мәдениетін, шешендік өнерін және жан-жақты білімдерін паш етті. Байқау нәтижесінде үздіктер анықталып, барлық қатысушылар «Абай облысының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің сертификаттарымен марапатталды.

1 орын «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» Ислямбек Наз

2 орын «Бизнес және сервис жоғары колледжі» Әнуарбек Бекжан

3 орын «Геологиялық барлау колледжі» Дулатұлы Азамат

Осындай маңызды іс-шаралар жастардың тілге деген қызығушылығын арттырып, көптілді тұлға қалыптастыруға үлкен үлес қосады.