Жаңалықтар

«English Skills: Check your knowledge»

Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Аударма ісі» мамандығында оқитын студенттерге арналған «English Skills: Check your knowledge» тақырыбында облыстық олимпиада өтті.

Білім бәсекесін Семей қаласындағы облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың қолдауымен «Қайнар» жоғары колледжі ЖШС мен «Erudit Group» ЖШС бірлесіп ұйымдастырды.

Олимпиадаға Абай облысынан «Қайнар» жоғары колледжі, М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі және Семей көпсалалы колледжінде «Аударма ісі» мамандығында білім алып жатқан 18 студент қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - ағылшын тілі пәні бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Облыстық олимпиаданың салтанатты ашылуында Облыстық инновациялық – әдістемелік орталық маманы Сейілғазы Қайроллаевич Бласбаев құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әділ қазылар алқасының қорытындысы бойынша 1 орын-«Қайнар» жоғары колледжінің студенті Нұрбеков Карим, 2 орын-М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің студенті Сарқытбек Жаннұр, 3 орын-«Қайнар» жоғары колледжінің студенті Байғажиева Арайлым иеленді.

Олимпиаданың арнайы қонағы АҚШ-тан келіп, қазіргі уақытта Семей қаласындағы медициналық университетінде аға оқытушы қызметін атқарып жатқан Spencer Hazeslip болды. Ол олимпиадаға қатысқан студенттерге тренинг өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Барлық қатысушылар Абай облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының Алғыс хаттарымен марапатталды. Жеңімпаздарға 1,2,3 дәрежелі дипломдар және ақшалай сертификаттар табысталды.